Accessibility links

Бішкек Қазақстан азаматын ұстағанын хабарлады


Қазақ-қырғыз шекарасы. 23 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақ-қырғыз шекарасы. 23 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

«Чоң-Қапқа-автокөлік жолы» тексеру-өткізу пунктінің шекаралық жасағы 26 ақпан күні аңшы мылтығының 12 миллиметрлік калибрлі 12 патронын алып өтпекші болған Қазақстан азаматын ұстаған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Олар хабарды Қырғызстан шекара қызметінен алғанын айтады.

Ресми ақпаратта патрондардың Қазақстан азаматына тиесілі Toyota Prado көлігі орындығы астынан табылғаны жазылған.

Қазақстандық азамат ұсталған, оның оқтары Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің аймақтық бөлімшесіне тапсырылған.

XS
SM
MD
LG