Accessibility links

"Яблоко" партиясы съезінде Немцовты еске алды


Григорий Явлинский.

Григорий Явлинский.

Мәскеуде "Яблоко" партиясының съезі ашылды. Делегаттар Мәскеуде қастандықтан қаза тапқан ресейлік саясаткер Борис Немцовты бір минут үнсіздікпен еске алды.

Съезді ашқан партияның федералдық саяси комитеті төрағасы Григорий Явлинский «вице-премьер, депутат, губернатор болған федералдық саясаткерді оппозициялық партияны басқарғаны үшін Кремльден жүз метр жерде өлтіргенде бұл елде ешқандай реформа, өзгеріс болмайтынын түсінесің. Билік өзін өзі тығырыққа тіреді, енді одан шығуы екіталай» деп мәлімдеді.

Партия төрағасы Эмилия Слабунова мен ұйымның басқа да мүшелері Немцовты еске алу шеруіне қосылуға аттанды. Бұл партияның аймақтағы мүшелері Ресейдің басқа қалаларында өтетін Немцовты еске алу шараларына қатыспақ.

"Яблоко" партиясы съезінің басты тақырыбы - мемлекеттік дума сайлауына дайындық болды. Явлинский жиынды ашқан сөзінде «Біз жеңуіміз керек, өйткені, еуропалық мемлекетке, еуропалық даму жолына басқа балама жоқ. Ол балама тек заңсыздық, мемлекеттік террордың жалғасуы ғана болады» деді.

XS
SM
MD
LG