Accessibility links

АҚШ елшісі Немцов қаза тапқан жерге гүл қойды


Ресейдегі АҚШ елшісі Джон Теффт Борис Немцов қаза тапқан жерге гүл шоқтарын қойды.

"Новая газета" басылымының хабарлауынша, елші "Бүгін оны еске алу, ол қорғаған мақсат-мүдделерді құрметтеу үшін, оның армандары Ресейде орындалады деп үміттену үшін осында келдік" деді.

Бүгін – қастандықтан мерт болған ресейлік саясаткер Борис Немцовтың қаза тапқанына жыл толды. Мәскеуде және Ресейдің өзге де қалаларында оны марш, шеру және басқа акциялар арқылы еске алып жатыр.

ПАРНАС партиясының тең төрағасы, Ярослав облысы думасының депутаты Борис Немцов 2015 жылы 27 ақпан күні Кремльдің жанындағы көпірде қастандықтан қаза тапты.

XS
SM
MD
LG