Accessibility links

Рамзан Қадыров отставкаға кететін кезі келгенін мәлімдеді


Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен кездесіп отыр. Сочи, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен кездесіп отыр. Сочи, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров кремльшіл НТВ телеарнасына берген сұхбатында "отставкаға кететін кезі келгенін" айтты. "Менің дәуірім өтті" деген ол орнына келетін мұрагер атын атай алмайтынын мәлімдеген.

Қадыров мәлімдемесі Ресей қалаларында бір жыл бұрын қастандықтан қаза тапқан ресейлік саясаткер Борис Немцовты еске алу акциялары өтіп жатқан кезбен тұспа-тұс келді. Оппозицияда жүрген адамдардың көбі Қадыровтың Немцовты өлтіруге қатысы бар деп ойлайды. Немцовтың қазасына қатысты істе бес күдікті ұсталған. Олардың барлығы Шешенстанмен және Солтүстік Кавказбен қатысы бар деп жарияланған.

Рамзан Қадыровты Ресей президенті Владимир Путин 2007 жылы Шешенстан басшылығына ұсынған болатын.

XS
SM
MD
LG