Accessibility links

Мәскеуде мыңдаған адам Немцовты еске алды


Борис Немцовты еске алу шеруі. Мәскеу, 27 ақпан 2016 жыл.
Борис Немцовты еске алу шеруі. Мәскеу, 27 ақпан 2016 жыл.

Мәскеуде ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу шеруі өтті. Ол бір жыл бұрын, 27 ақпан күні Кремльдің қасында қастандықтан қаза тапқан кеді. Мәскеудегі еске алу шарасына 14 мың адам шыққан. Бұл туралы twitter әлеуметтік желісінде хабарланды.

Маршқа қатысушылар Страстный бульварынан Сахаров даңғылына дейін жүріп өткен. Мұнан соң олар Москва өзеніндегі "Үлкен көпірге", яғни, Немцовты атып өлтірген жерге жиналған.

Новосибирскіде жергілікті биліктің тыйымына қарамастан, бірнеше акция өткен. Томскіде 100-ге жуық адам пикет өткізген.

"РИА Новости" агенттігі Воронежде белгісіз біреулер акцияға келгендерге жұмыртқа лақтырғанын хабарлады.

Еске алу шаралары Петербург, Төменгі Новгород, Дондағы Ростов және Ресейдің басқа да қалаларында өтті.

Ресейдің оппозициялық саясаткері Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпан күні Мәскеудің орталығында, Кремль маңында біреулер атып кеткен еді.

XS
SM
MD
LG