Accessibility links

Польшада Валенсаны қолдау шеруі өтті


Польша экс-президенті Лех Валенсаны қолдау шеруі. Варшава, 27 ақпан 2016 жыл.

Польша экс-президенті Лех Валенсаны қолдау шеруі. Варшава, 27 ақпан 2016 жыл.

Бірнеше мың поляк Варшава көшелеріне Польша экс-президенті Лех Валенсаны қолдап шықты. Олар Польшаның қазіргі консервативтік үкіметіне наразы. Көпшілігі үкімет негізгі бостандықтарды шектемек деп ойлайды.

26 және 27 ақпан күндері болған шеруде көшеге 15 мыңнан 80 мыңға дейін адам шықты деген ақпарат бар.

Наразылар Валенсаның портретін көтеріп шыққан. Валенсаға қазір 1970 жылдары құпия полициямен ынтымақтасты деген айып тағылған. Валенса ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойғанын жасырмайды, бірақ келісім бойынша ешқашан әрекет етпегенін айтады. Оны жақтаушылар үкімет Валенсаны саяси ұпай жинау үшін айыптап отыр деп санайды.

Қазір Польша билігінде отырған "Заң және әділет" партиясы католик діні құндылықтарын қорғайтынын және Польшаның кедей тұрғындарына әлеуметтік қолдауды көбейтетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG