Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылдардан 23 адам өлді


Кабулдегі шабуыл орнында жүрген қауіпсіздік жасақтары. 27 ақпан 2016 жыл.
Кабулдегі шабуыл орнында жүрген қауіпсіздік жасақтары. 27 ақпан 2016 жыл.

Жанкешті террористер Ауғанстанда екі жарылыс жасап, кем дегенде 23 адам қаза тапты.

Оның ішіндегі 11 адам Ауғанстанның Пәкістанмен шекарасы маңында жасалған жарылыстан мерт болған. Кунар провинциясының губернаторы 27 ақпан күні болған шабуылдан "бейбіт азаматтар мен балалар" опат болғанын айтады. Вахидулла Каримзайдың айтуынша, жанкешті мотоцикл мініп келіп, аймақ орталығы Асадабад қаласында жарылған. Қаза тапқандардан бөлек, 40 адам жарақаттанған. Шабуылды әзірге ешқандай топ мойнына алмады. Өлгендер арасынан сол аймақтағы рубасы, дала командирі Ғажи Хан Жанның мәйіті де табылған. Полиция шабуыл мақсаты соны өлтіру болуы мүмкін деп болжайды.

Екінші жарылыс 27 ақпан күні ел астанасы Кабулде, қорғаныс министрлігі ғимараты жанында болды. Бұл шабуылдан 12 адам мерт болып, 13 кісі жараланды. Шабуылда "Талибан" қозғалысы мойнына алды.

Бұл шабуылдар Қытай, АҚШ, Пәкістан, Ауғанстан үкіметтері бірігіп, 15 жылдан асқан "Талибан" мен үкімет қақтығысын тоқтату үшін келіссөздер жүргізіуге кіріскен кезде болып отыр. "Талибан" өкілдерімен келіссөздер келесі аптада өтуі керек.

XS
SM
MD
LG