Accessibility links

Пәкістан әскері содырлармен соғысты


Пәкістандағы қарулы қақтығыс болған жерлердің бірі. (Көрнекі сурет)

Пәкістандағы қарулы қақтығыс болған жерлердің бірі. (Көрнекі сурет)

Пәкістан әскері осы елдегі тайпалар мекендейтін тұрақсыз аймаққа жасырынған содырларға әуеден соққы берді. Пәкістан әскері "кем дегенде 34 терроршы қаза тапқанын" хабарлады.

Солтүстік Вазиристан аймағында 27 ақпан күні болған осы операция кезінде Пәкістан әскерінің кем дегенде төрт саразы оққа ұшты деп хабарланды. Ауғанстанмен шектесетін бұл өңірге "Талибанның" Пәкістандағы содырлары бекінген.

Пәкістан әскери басшылығы бір күн бұрын осы аймақта жасырынған содырларға соққы беруге бұйрық түсірген еді.

Пәсіктан әскері Солтүстік Вазиристан өңірін содырлардан тазарту операциясын 2014 жылдың маусым айында бастаған еді. Қақтығыс аймағына журналистерді кіргізбейді. Пәкістан әскерінің операциялар туралы ақпараттарының рас-өтірігін тескеру қиын.

XS
SM
MD
LG