Accessibility links

ТЖК оңтүстік өңірлерде тауға шықпауды ескертті


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті (ТЖК) күн жылынуына байланысты Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 28 ақпан күні қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлайды.

ТЖК ақпаратына қарағанда, екі облыстағы тауларға, таулы аймақтардағы қия беткейлерге барудан сақтану керек. Өйткені, қар құрсауының босауына байланысты таулы аймақтарда қар көшкіні болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG