Accessibility links

Иран парламенті даулы орындарын реформистер алды


Парламент сайлауына дауыс берген азаматтар. Иран, 26 ақпан 2016 жыл.

Парламент сайлауына дауыс берген азаматтар. Иран, 26 ақпан 2016 жыл.

28 ақпан күні Иран ресми өкілдері дауыс санау процесінің аяқталғанын хабарлады. Олардың таратқан мәліметтеріне қарағанда, парламенттегі 290 орынның ішіндегі даулы болып қалған 30 мандатқа қайта сайлауда 90 пайыз басымдықпен қазіргі ел президенті Роуханидің жақтастары - реформистер жеңіп шыққан.

Дауыс санаудың алдын ала нәтижесіне қарағанда реформистер қатаң саясатты жақтайтын эксперттер мәжілісімен бәсекеге түсетін жағдайға жетіп қалған. Бұл орган Иранның жоғарғы көсемін сайлайды. Иранда парламент сайлауы мен эксперттер мәжілісінің сайлауы бір күнде қатар өткізілді.

26 ақпан күні Ираннан санкциялар алынғаннан кейінгі алғашқы парламент сайлауы өтті. Реформистер сайлаушыларды елді өзгертуге дауыс беруге шақырды. Олар парламентке қатаң саясатты жақтайтын консерваторлардың барғанын қаламайды. Реформистер бірнеше мың кандидаты сайлаудан шеттетілгеніне қарамастан, қатаң саясатты жақтаушылардан озыңқырап тұр.

XS
SM
MD
LG