Accessibility links

Астана АҚШ-та оққа ұшқан жасөспірімдер ақпаратын тексереді


Астанадағы сыртқы істер министрлігі ғимараты.
Астанадағы сыртқы істер министрлігі ғимараты.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-та қаза тапқан, америкалық азамат асырап алған жассөспірімдер туралы ақпаратты тексермек. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Сиэтл маңында қаза тапқан жасөспірімдердің туыстары "балаларды Қазақстаннан асырап алған" деген. Кеше Белфейрде 51 жастағы Дэвид Уэйн Кэмпбелл өзінің отбасы мүшелерін атып, артынан өзін атып тастаған.

Оққа ұшқандар арасында 16 және 18 жастағы екі жасөспірім бар. Кэмпбелдің әйелі және жасөспірімдердің 49 жастағы өгей шешесі Лана Карлсон да мерт болған. Бұл отбасында тағы бір асырап алынған қыз бала бар екені хабарланды. Ол тірі қалған.

Ал Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов Азаттық тілшісіне өздерінің жасөспірімдер туралы ақпаратты анықтауға тырысып жатқандарын айтып, ақпарат ертең анықталып қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG