Accessibility links

Беларусьте шағын бизнес ережесіне наразылық білдірді


Минскідегі наразылық акциясы. 28 ақпан 2016 жыл.

Минскідегі наразылық акциясы. 28 ақпан 2016 жыл.

Минскіде бес жүзге тарта адам үкіметтен "шағын бизнеске ауыртпалық әкелетін" жаңа ережелерді жоюды талап етіп, наразылық акциясын өткізді. Соңғы бірнеше жылда Беларусьте мұндай рұқсат етілмеген ауқымды марш өткен емес. Акция бейбіт түрде өтті. Полиция акцияға кедергі келтірген жоқ.

Бизнесмендер құжат алу процесі қымбатқа түседі және ұзақ деп шағымданады. Associated Press агенттігі келтірген шағын бизнес өкілінің сөзінше, Еуропада шағын бизнес алатын сертификат құны бес еуро тұрса, Беларусьте ол 200 долларға жетеді және оны алу 20 күнге созылады. Бизнесмендер жаңа ережелерді экономикалық дағдарыс кезінде үкіметтің бюджетке түсетін кірісті арттыру әрекеті деп санайды.

Өткен жылы Беларусь экономикасы қарқыны төрт пайызға кеміп, валюта өз құнының 40 пайызын жоғалтқан. Билік Халықаралық валюта қорынан үш миллиард доллар несие сұрап отыр.

XS
SM
MD
LG