Accessibility links

Сомалиде жарылыстардан 40 адам қаза тапты


Сомали астанасы Могадишуде болған жарылыс орны. 22 қаңтар 2016 жыл.

Сомали астанасы Могадишуде болған жарылыс орны. 22 қаңтар 2016 жыл.

Сомалидің Байдоа қаласында екі жарылыстан кем дегенде 40 адам қаза тапты. Жергілікті полицияның хабарлауынша, жарылыстарды жанкештілер жасаған.

Алғашқы жарылыс көше қиылысында тұрған көлікте болған. Екінші бомба сол маңға жақын мейрамханада жарылған. Полиция өкілінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, мейрамханада адам көп болғандықтан, жарылыс құрбандары саны көбеюі мүмкін. Ол бұған қоса, тағы 25 адам жараланғанын айтады.

Жарылысқа жауапкершілікті "Әл-Қаида" террористік ұйымымен байланысы бар "Әл-Шабаб" содырлар тобы мойнына алды.

XS
SM
MD
LG