Accessibility links

ИМ-ге кірген тәжік полковнигінің әйелі "Сирияға кеткен"


Гумайроа Мирова.
Гумайроа Мирова.

Тәжікстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, қуғындағы полковник Гулмурод Халимовтың "екінші әйелі" Гумайро Мирова төрт баласымен Сирияға кетіп қалған.

Мированың туыстары оның бір ай бұрын елден кетіп қалғанын растағанымен, қайда екенін білмейтіндерін айтты. Отбасы мүшелерінің сөзінше, Мирова демалысқа шығып кетіп бара жатқанын және байланысқа өзі шығатынын айтқан. Билік бұл мәселеге қатысты әзірге түсінік берген жоқ. Гумайро Мированың ағасы Шохназар Миров әпкесі елден кетіп қалғаннан кейін өзінің біраз уақыт қамауға алынып, әпкесінің кетуіне байланысты тергелгенін айтады.

40 жастағы Гумайро Мирова кеден қызметінің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген, 2015 жылдың жазынан бері декретке шыққан. Ақпарат құралдары оның 10 жыл бұрын Халимовтың екінші әйелі болғанын хабарлайды. Халимовтың өзі ішкі істер министрлігінде арнайы мақсаттағы милиция отрядын басқарып, 2015 жылдың сәуірінде із-түзсіз жоғалып кеткен. Кейін Халимов "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған - ред.) террористік тобы таратқан видеодан көрініп, содырларға қосылғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG