Accessibility links

Еуропада Ресей агрессиясына қарсы акциялар өтті


Лиссабондағы Украинаны қолдаған акция. Португалия, 22 қыркүйек 2014 жыл.

Лиссабондағы Украинаны қолдаған акция. Португалия, 22 қыркүйек 2014 жыл.

Португалия, Испания, Италия жәе Франция мен Еуропаның басқа да елдерінде 28 ақпан күні Ресейдің екі жыл бұрын Украинаға жасаған басқыншылығына қарсы наразылық акциялары болды. Азаттықтың Украин редакциясының хабарлауынша, акцияға қатысқандардың көпшілігі - осы елдерде тұратын украиндар. Акцияға қатысушылар қолдарына Украина мен Еуропа Одағының (ЕО) туларын ұстап шыққан.

Лиссабонда өткен акцияға Украинаның Португалиядағы елшісі Инна Огнивец қатысты. Ол Ресейдің Украинаға басқыншылық жасап отырғанын айтты.

2014 жылы ақпанда "жасыл адам" деп аталып кеткен белгісіз қарулы адамдар Украинаға қарасты Қырым республикасындағы мемлекеттік мекемелерді басып алып, ғимараттардың төбесіне Ресей туын тіккен. Бұдан өзге, олар украин әскери бөлімдерін қоршауға алған.

2014 жылы 16 наурызда Қырым мен Севастопольде "Қырым мәртебесін анықтау" жөнінде референдум өткізілген. Оның нәтижесі бойынша Қырым Ресей құрамына кірген.

Мәскеу Киев пен Батыс елдерінің Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдап отыр және украин территориясында әскер ұстап отыр деген айыбын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG