Accessibility links

Меркель мигранттар проблемасын бірге шешуге шақырды


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель Еуропа елдері басшыларын босқындар дағдарысы мәселесінің шешімін бірлесіп іздестіруге шақырды. Немістің ARD телеарнасына берген сұхбатында Меркель Түркияның Еуропаға келетін босқындар ағынын тежеу жоспарына келісуден өзге жол жоқ екенін мәлімдеді. Ол бұған қоса, Еуропа өткен жылы Еуропа Одағынан қаржылай көмек алған Грекияның өз шекарасын жауып, бей-берекетсіздік тудыруына жол бере алмайтынын айтты.

Меркель Еуропа бірігу арқылы мигранттар дағдарысын реттей алатынына сенімді екенін білдірген. Ол "Бұл біздің тарихымыздағы маңызды кезең" деген.

Еуропа елдері басшылары 7 наурызда Түркия билігімен мигранттар дағдарысын реттеуге қатысты келіссөз өткізеді.

Өткен жылы Еуропаға бір миллионнан астам мигрант барған.

XS
SM
MD
LG