Accessibility links

Украинада шенеуніктерге бір-бірін сынауға тыйым салды


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк (оң жақта) парламент отырысында сөйлеп тұр. Киев, 16 ақпан 2016 жыл.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк (оң жақта) парламент отырысында сөйлеп тұр. Киев, 16 ақпан 2016 жыл.

Украинада үкімет қызметкерлеріне мемлекеттік институттар мен өз әріптестерінің жұмысын жария түрде сынауға тыйым салынды.

Үкімет сайтында 1 наурызда жарияланған қаулыға сай, бұл ереже жаңа әдеп кодексіне қосылған. Құжатта билік осылайша "қоғамның билік органдары мен мемлекеттік қызметкерлер жұмысына деген сенімін қалпына келтіруді көздейтіні" айтылған.

Бұған дейін ресейшіл президент Виктор Янукович қызметтен қуылған соң билікке келген премьер-министр Арсений Яценюк үкіметіне халықтың наразылығы күшейіп, сенімсіздік вотумынан әзер аман қалған. Украинада рецессия күшейіп, елдің шығысында ресейшіл сепаратистермен күрес жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG