Accessibility links

Путин: ОПЕК-пен келісім жасауға шақ тұрмыз


Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путиннің сөзінше, Ресей ОПЕК елдерімен мұнай өндіру көлемін азайту туралы келісім жасасуға жақын тұр. Ол мұнай өндіру көлемін қысқартуға қатысты түпкілікті шешім осы айда қабылданатынын айтты.

Ақпан айында Ресей, Сауд Арабиясы, Венесуэла мен Катар өзге елдер де келіскен жағдайда мұнай өндіру көлемін қаңтар айындағы көрсеткіште ұстап тұру туралы алдын ала келісім жасасқанын жариялаған.

Әлемде мұнай қоры жөнінен екінші орындағы Иран осы уақытқа дейін өндіру көлемін азайту келіссөзіне қатысудан бас тартып келді. Ресей энергетика министрі Александр Новак Путиннің мәлімдемесі әлемде өндірілетін мұнайдың 75 пайызына ие 15 ел арасындағы келісімге қатысты екенін айтты. Оның сөзінше, келісім тіпті Иран өндіру көлемін азайтуға келіспесе де де күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG