Accessibility links

Рахмон халыққа құрғақшылық болу қаупі барын ескертті


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон халықпен кездесуде. Хизор ауданы, 25 ақпан 2016 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон халықпен кездесуде. Хизор ауданы, 25 ақпан 2016 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тұрғындарды биыл құрғақшылық болу қаупі барын ескертіп, суды үнемдеуге және азық-түлік қорын қамдануға шақырды. "Қыста қар болған жоқ және көктем ерте шығып келеді, бұл - құрғақшылықтың белгілері" деді Рахмон үкімет отырысында. Оның пікірінше, жағдай азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Тәжікстан үшін судың негізгі көзі - Әмудария өзені. Тәжікстандағы 8,5 миллион халық егістік алқаптарын суғару және электр қуатын өндіру үшін осы өзен суын пайдаланады. Өзен ағысының төменгі жағында орналасқан Өзбекстан мен Түркіменстан бұған дейін талай рет өзен суын жеткілікті пайдалана алмайтынына шағымданған.

XS
SM
MD
LG