Accessibility links

Мәскеуде бала өліміне күдікті әйел қамалды


4 жастағы баланы айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген Гюльчехра Бобокулова сотта отыр. Мәскеу, 2 наурыз 2016 жыл.

4 жастағы баланы айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген Гюльчехра Бобокулова сотта отыр. Мәскеу, 2 наурыз 2016 жыл.

Мәскеуде төрт жасар баланы айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген Гюльчехра Бобокулова 29 сәуірге дейін қамауға алынды. Мұндай шешімді бүгін Мәскеудің Пресня ауданы соты тергеушілер арызы бойынша шығарды.

Сот басталар алдында Бобокулова қылмысты "Алланың бұйыруымен жасағанын" мәлімдеді. Ол баланы өлтіргенін мойындайтынын айтты. Бұған дейін ол тергеушілерге кінәсін мойындаған.

Гюльчехра Бобокулова 29 ақпанда Мәскеуде метроның "Октябрьское поле" станцясы маңында ұсталған. Оның қолында пакетке салып алған баланың кесілген басы болған. Кейін әйелдің төрт жастағы қызға күтуші болғаны анықталған. Тергеу мәліметі бойынша, әйел қыздың ата-анасы үйден кеткенін күтіп, баланың басын кесіп, пәтерді өртеген.

Бірер күн бұрын интернетте таралған видеода үстіне қара киім, басына мұсылмандар орамалына ұқсас орамал таққан Бобокулованың "Октябрьское поле" станциясында баланың кесілген басын лақтырғаны көрінеді. Куәгерлер оның "Аллаху акбар" деп айқайлағанын естігендерін айтады.

Билік Гюльчехра Бобокулованың жүйке жүйесі бұзылғанын айтады. Тергеуші сотта Бобокулованың анықталмаған "серіктері мен қылмысқа айдап салушылары" болуы мүмкін екенін айтады.

4 наурызда Бобокуловаға "кісі өлтіру", "бөтеннің мүлкін қасақана жою" және "теракт туралы көпе-көрінеу жалған ақпар беру" баптары бойынша ресми түрде айып тағылады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG