Accessibility links

Басылым: ИМ-ның Ирактағы маңызды өкілі ұсталды


Мосул қаласында ИМ туын ұстап тұрған содыр, Ира.

Мосул қаласында ИМ туын ұстап тұрған содыр, Ира.

New York Times басылымының хабарлауынша, АҚШ арнайы қызметі "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының Ирактағы маңызды мүшесін қолға түсірген. Газет Пентагонның аты-жөнін айтудан бас тартқан өкіліне сілтеме жасап, ұсталған адамның Ирактың солтүстігіндегі Идлиб провинциясында екенін, ол жерде оны АҚШ тергеушілері тергеп жатқанын хабарлады. Ұсталған ИМ мүшесінің аты-жөні жарияланбады.

Пентагон басылым ақпаратына қатысты түсінік беруден бас тартқанымен, кез-келген ИМ мүшесін ұстау әрекеті "қысқа мерзімде және ол Ирак билігімен бірге жасалатынын" айтты. Ирак және күрд басшылығы да түсінік беруден бас тартты. News York Times мәліметі бойынша, соңғы апталарда Иракқа арнайы мақсаттағы жасақтың 200 сарбазы жіберілген. Тағы 3 мың 900 америкалық әскери қызметкер Ирак армиясын ИМ-мен күреске дайындап жатыр.

XS
SM
MD
LG