Accessibility links

Путин: Мұнайлы елдер өндірісті ұлғайтпауға келісті


Ресей президенті Владимир Путин үкімет жиынында. Мәскеу, 2 наурыз 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин үкімет жиынында. Мәскеу, 2 наурыз 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин 2 наурызда үкімет жиынында биыл Ресейде мұнай өндіру көлемі қаңтардағы көлемінде сақталатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл туралы келісім 1 наурызда жетекші мұнай компаниялары басшыларымен кездесуде жасалған.

Энергетика министрі Александр Новак кездесу қорытындысында мұнай компаниялары мұнай өндіру көлемін ұлғайтпауға келіскенін растады.

Ресей ақпан айында әлемдік нарықта мұнай бағасын тұрақтандыру үшін Сауд Арабиясы, Венесуэла және Катармен мұнай өндіру көлемін қаңтардағы деңгейінде ұстап тұруға келісім жасасқан. Келісім басқа да мұнай өндіруші елдер өндіріс көлемін азайтуды қолдаған соң орындалатын болған.

XS
SM
MD
LG