Accessibility links

ЕО мигранттарға қосымша 700 миллион еуро бөледі


Грекияның Македониямен шекарасында іркіліп тұрған мигранттар. 1 наурыз 2016 жыл.

Грекияның Македониямен шекарасында іркіліп тұрған мигранттар. 1 наурыз 2016 жыл.

Еуропа комиссиясы Еуропа Одағына (ЕО) миграциялық дағдарысты реттеуге алдағы үш жылда 700 миллион доллар бөлуді ұсынды.

Еуропа комиссиясы мүшесі Христос Стилианидестің мәлімдеуінше, бұл қаржы ЕО-ның мигранттар нөпірінен ең көп зардап шеккен және гуманитарлық апат шегіне жеткен елдеріне бөлінбек. Қаржы шұғыл гуманитарлық көмек - азық-түлік, шатырлар мен дәрі-дәрмектер жеткізуге жұмсалады.

Еуропа комиссиясының бұл ұсынысын енді Еуропа парламенті мақұлдауы керек. Бұдан өзге, мұндай жоспар бірінші рет БҰҰ және басқа да гуманитарлық ұйымдармен үйлесе іске асырылмақ.

XS
SM
MD
LG