Accessibility links

БАҚ: Ресей Арктикада ЗҚЖ орнатпақ


Рсеей Арктикада орнатпақ "Тор" зенит-зымыран кешені (Көрнекі сурет).

Рсеей Арктикада орнатпақ "Тор" зенит-зымыран кешені (Көрнекі сурет).

Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу Арктикада "жер-әуе" санатындағы зымыраннан қорғаныс жүйесін (ЗҚЖ) дамытып жатыр.

1 наурызда НАТО бас қолбасшысы Филип Бридлав АҚШ конгресін Ресейдің Арктикада әскери қуатын жеделдете арттырып жатқанын ескерткен.

Ресей Арктикада климаттың тұтастай жылына бастауы аймақтағы табиғи шикізат көздеріне жол ашып, транспорттық мүмкіндіктерді кеңейте түсетіндіктен, әскери әлеуетін арттырып жатыр.

Арктикадағы зымыраннан қорғаныс жүйесі Ресейдің "Тор" зенит-зымыран кешенінен құралмақ. "Тор" кешені әскери ұшақтар мен қанатты зымырандарды қағып түсіретін қысқа радиусты зымыранмен жабдықталған.

"Тор" зенит-зымыран кешенін жасаған Ресейдің мемлекеттік "Алмаз-Антей" концерні бұған қоса, С-300 және "Бук" зымыран кешендерін де шығарған.

ТАСС-тың "Алмаз-Антей" концернінен сілтеме жасап хабарлауынша, концерн "Тор" кешенінің Арктикаға арналған шағын радиуста әрекет ететін нұсқасын дамытып жатыр.

2015 жылы наурызда Ресей Арктикада 38 мың әскери қызметкер, ұшақтар мен сүңгуір қайықтарды қатыстырып ауқымды әскери жаттығу өткізген. Бұдан бірнеше аптадан соң Еуропаның солтүстігіндегі елдер - Швеция, Норвегия, Финляндия, Дания және Исландия "Еуропа Ресей агрессиясына қарсы тұру үшін әскери ынтымақтастығын күшейтуі тиіс" деген бірлескен мәлімдеме жасаған.

XS
SM
MD
LG