Accessibility links

2016-2018 жылғы бюджет өзгерістері мақұлданды


Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламенті сенаты депутаттары бүгін пленарлық отырысында 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізуді мақұлдады.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, 2016 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы "АҚШ долларының айырбас бағамы 360 теңге, мұнай баррелінің бағасы 30 доллар болады, металл бағасы 2015 жылғымен салыстырғанда 15 пайызға төмендейді" деген болжамға негізделген.

Досаевтың сөзінше, 2016 жылы номиналды жалпы ішкі өнім көлемі 1 триллион 300 миллиард теңгеден астам болады деп болжанған.

Сенат бүгін бұған қоса "Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт" туралы заң жобасын да мақұлдады. Досаевтың айтуына қарағанда, АҚШ долларының бағамы 360 теңге болады деген болжам ескеріле отырып, 2016 жылы ұлттық қордан 2 триллион 880 миллиард теңге сомасында трансферт бөлінеді.

XS
SM
MD
LG