Accessibility links

Матаев адвокаттары судьяға қарсылық білдірді


Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев
Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев

Қазақстан журналистер одағы төрағасы, "мемлекет қаржысын жымқырды" деген күдікпен үйқамаққа алынған Сейітқазы Матаевтың адвокаттары Алматы қалалық сотында өтіп жатқан процесте судьяға қарсылық білдірді.

Сотта адвокаттар Андрей Петров мен Мәдина Бакиева Матаевты бұлтартпау шарасы туралы сот шешіміне шағымды қарайтын судья Ардақ Ешеевке қарсылық білдірді. Адвокаттар қарсылықты Ешеевтің бұған дейін Матаевтың ісі бойынша тергеуші судьяға шағымды қарағанына байланысты бергенін айтты. Адвокаттар бұған дейін Матаевтың мүлкін тұтқынға алу және ҚазТАГ агенттігі мен ұлттық баспасөз клубы кеңселерінен құжатты санкция бойынша алып кету шешімдеріне қарсы шағымданған.

Прокурор судьяға наразылық танытуға қарсылық білдірді. Сот жабық түрде өтіп жатыр.

Сейітқазы Матаевты 22 ақпан күні ұлттық коррупцияға қарсы іс-қимыл бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті "бюджет қаржысын жымқырды" және "салық төлеуден жалтарды" деген күдікпен ұстаған. 24 ақпан күні сот оны үйқамаққа алу шешімін шығарған.

XS
SM
MD
LG