Accessibility links

Тегеран: "Хезболланы" террористік ұйым деу - қате


Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Амир Абдоллахиан

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Амир Абдоллахиан

Тегеран Сауд Арабиясы бастаған араб елдері кіретін Парсы шығанағы ынтымақтастығы кеңесінің ливандық "Хезболла" ұйымын террористік ұйым деп тануын сынады.

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Амир Абдоллахиан 3 наурызда Иран қолдайтын "Хезболланы" террористік ұйым деп тану Таяу Шығыстағы бейбітшілікке нұқсан келтіретін және Ливанды ыдырататын "жаңа қателік" деп атады.

Парсы шығанағы елдері ынтымақтастығы кеңесі 2 наурызда "Хезболланы" ұйым елдерінде террорлық әрекеттер жасады деп айыптаған. Кеңес бас хатшысы Абдуллатиф әл-Заяни "Хезболла" террорлық шабуылдарға содырлар тартады, қару-жарақ контрабандасымен айналысады және тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылық тудырады деген. Террорист деген атау "Хезболланың" әскери қанатына, оның жетекшілері мен бөлімдеріне таңылып отыр.

Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесіне Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Кувейт, Катар, Бахрейн және Оман кіреді.

XS
SM
MD
LG