Accessibility links

Исламабад: "Талибан" басшылығы Пәкістанда тұрады


Пәкістан үкіметінің халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесшісі Сартаи Азиз
Пәкістан үкіметінің халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесшісі Сартаи Азиз

Пәкістан билігі өкілі Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысының жетекшілері Пәкістанда тұратынын бірінші рет жария түрде мойындады.

Пәкістан үкіметінің халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесшісі Сартаи Азиз Вашингтонда Исламабад "Талибан" басшылығы Пәкістанда тұратындықтан және бірнеше медициналық мекемені пайдаланып отырғандықтан" қозғалысқа ықпал ете алатынын мәлімдеді.

Азиз: "Олардың отбасылары осында. Біз бұл тетікті оларға қысым көрсетуге, мысалы, келіссөз үстеліне тартуға ықпал ете аламыз. Бірақ біз ауған үкіметі атынан келіссөз жүргізе алмаймыз. Себебі "Талибанға" ауған үкіметі ұсынатындай ұсыныс білдіре алмаймыз" деді Сартаи Азиз.

Пәкістан бірнеше жыл бойы Ауғанстандағы "Талибан" басшылығын паналатып отырғанын және "Исламабад "Талибанның" Ауғанстандағы әрекетіне тоқтау салмай отыр" деген айыпты жоққа шығарып келген.

Бірақ Пәкістан қазір "Талибан" басшыларын ауған үкіметімен тікелей келіссөзге тарту жұмысын жүргізіп жатыр. Екі жақ арасындағы келіссөз осы аптада Исламабадта басталады деп жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG