Accessibility links

АҚШ Ресейге ұрланған тарихи құжаттарды қайтарды


АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі (Көрнекі сурет).

АҚШ Ресейге 18 және 19-ғасырларға тиесілі 28 құжатты қайтарды. Құжаттар Мәскеудегі АҚШ елшісінің резиденциясында өткен рәсім кезінде тапсырылды. Құжаттар арасында мемлекеттік мұрағаттан ұрланып, кейін аукциондық мекемелер мен галереялар, жекелеген адамдар сатуға шығарған патша жарлықтары, әскери жазбалар, сәулет-құрылыс сызбалары бар.

АҚШ өткен жылы Ресейге екі ел құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында жүздеген құжат пен тарихи жәдігерді қайтарған.

XS
SM
MD
LG