Accessibility links

Надежда Савченко аштық жариялады


Надежда Савченко сотта отыр. Донецк, Ресей, 3 наурыз 2016 жыл.

Надежда Савченко сотта отыр. Донецк, Ресей, 3 наурыз 2016 жыл.

Ресейлік журналистерді өлтіруге қатысы бар деп айыпталған украиналық ұшқыш Надежда Савченко аштық жариялады деп хабарлады оның адвокаты Николай Полозов. Ресейдің Донецк қаласында өтіп жатқан сотта 3 наурыз күні тараптардың жарыссөзінде судья Савченкоға сөз берместен, сот процесі 9 наурыз күні жалғасатынын хабарлаған.

2 наурыз күні Савченко егер судья үкімді екі аптадан ұзақ уақытта жарияласа, онда құрғақ аштық жариялайтынын ескерткен. "Егер үкім екі аптаға дейін жарияламаса, онда оны мен өлген соң жариялайсыздар" деген Савченко.

2 наурыз күні прокурор Савченконы "журналистер өліміне айыпты" деп тауып, 23 жылға соттауды және 100 мың рубль айыппұл салуды сұраған.

Украинаның шығысында ресейлік сеператистерге қарсы күрескен еріктілер батальоны құрамында болған Надежда Савченко 2014 жылдың маусым айында ұсталған еді. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі өткен жылы қыркүйекте басталған. Ресей билігі Савченкоға 2014 жылдың жазында Украинаның шығысында қаза тапқан ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар және «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен» деген айыптар таққан. Тергеу мәліметі бойынша, журналистер қаза тапқан күні Савченко Луганск түбінде украиналық әскерилерге қай тұсқа оқ ату керегін айтып, бағыт-бағдар беріп отырған.

XS
SM
MD
LG