Accessibility links

Ресей: АҚШ санкциясынан нәтиже шықпайды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Ресейге салған санкциясы мерзімін ұзартуы халықаралық маңызды мәселелер бойынша екі ел арасында өзара әрекет ету мүмкіндігін жоятынын ескертті. Министрлік АҚШ-тың санкция салу саясатының келешегі жоқ екенін және Мәскеу Ресей мүддесіне сай келетін жауап шараларын қабылдауға хақылы екенін мәлімдеді. Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде санкциялар Украина дағдарысын реттеуге көмектеспейтіні және ресей-америка қарым-қатынасына кері әсер ететіні айтылған.

2 наурызда АҚШ президенті Барак Обама Украинадағы дағдарысқа қатысты Ресейге салған санкциясының мерзімін бір жылға ұзартқан. Ақ үй таратқан құжатта Ресейдің Украинаға қатысты саясаты мен іс-әрекеті Украинадағы бейбітшілікке, қауіпсіздігі мен тұрақтылығына, егемендігі мен территориялық тұтастығына қауіп төндіріп, демократиялық процестер мен институттар қызметіне нұқсан келтіретіні айтылған.

Ресейге қарсы санкция 2014 жылы Ресейдің Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Донбастағы сепаратистерді қолдағаны үшін салынған. Өткен жылы желтоқсанда АҚШ ресейліктерге, компаниялар мен банктерге және кәсіпорындарға қатысты санкцияны кеңейткен.

XS
SM
MD
LG