Accessibility links

Астанада "Абу-Даби Плаза" кешенінен тағы өрт шықты


Астана қаласының көрінісі (Көрнекі сурет).
Астана қаласының көрінісі (Көрнекі сурет).

Астанада салынып жақан "Абу-Даби Плаза" кешенінде тағы да өрт шықты. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, өрт кешеннің төменгі екінші қабатынан шыққан.

Өрт туралы хабар бүгін таңғы сағат 7:47-де түскен. Төменгі екінші қабаттағы керегеге жылы болу үшін салынған минералды мақта өртенген. Өрт сағат 9 шамасында сөндірілген. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құраған. Қазір мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.

"Абу-Даби Плаза" кешенінде 13 ақпан күні де ірі өрт шыққан. Ол өрт алдын ала мәлімет бойынша, өрт дизельмен жұмыс істейтін қондырғыдан шыққан.

Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болады деп саналатын кешен құрылысы 2010 жылы басталған. Ғимарат 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG