Accessibility links

АҚШ: РД-180 қозғалтқышынан бас тарту шығын әкеледі


АҚШ әскери-әуе күштері министрі Дебора Джеймс.

АҚШ әскери-әуе күштері министрі Дебора Джеймс.

АҚШ әскери-әуе күштері министрі Дебора Джеймс әскери ғарыш аппараттарын ұшыруда ресейлік зымыран қозғалтқыштарынан жасырын түрде бас тарту қосымша бес миллиард доллар шығынға ұшыратуы мүмкін деп мәлімдеді.

Джеймс ауыр зымырандарды ұшыру үшін америкалық зымыран қозғалтқыштарын жасау жұмыстары жасалып жатқанын айтып, Ресейде жасалатын РД-180 қозғалтқыштарын қолдануға таяу уақытта тыйым салынса онда басқа қозғалтқыш жасайтын серіктес іздеуге тура келетінін ескертті. Джеймстің сөзінше, алдын ала есеп бойынша, зымыран қозғалтқышын жеткізетін компанияны алмастыруға бір жарым миллиардтан бес миллиард долларға дейін қаржы кетеді.

"РД-180 қозғалтқыштарына тыйым қаншалықты ерте салынса, оның салдары соншалықты ауыр және шығыны орасан болады" деді АҚШ сенатының қарулы күштер жөніндегі комитетінде сөйлеген Джеймс.

Комитет төрағасы Джон Маккейн АҚШ-тың ресейлік зымыран қозғалтқыштарына тәуелділігін барынша тез жойғысы келеді. Конгресс Ресей 2014 жылы Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін ресейлік зымыран қозғалтқыштарын пайдалануға тыйым салған. Кейін бұл тыйым басқа қозғалтқыш табудың қиындығына және қымбаттығына байланысты жұмсартылған.

XS
SM
MD
LG