Accessibility links

Юнкер: Украина ЕО мен НАТО-ға таяу уақытта кірмейді


Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкер.

Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкер.

Украинаның Еуропа Одағы мен НАТО-ға кіруіне кем дегенде 20-25 жыл уақыт керек деп мәлімдеді Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкер.

"Украина алдағы 20-25 жылда ЕО-ға да, НАТО-ға да мүше бола алмайтыны анық" деді Юнкер Гаагада.

Бұл болжамға қарамастан ЕО Украина азаматтарының одақ аумағына визасыз кіріп-шығуына рұқсат етуді қарастырып, 40 миллиард доллар көлемінде көмек қаржы ұсынып отыр. АҚШ пен Халықаралық валюта қоры да Украинаға экономикасын тұрақтандыру үшін көмек көрсетіп жатыр.

НАТО өткен жылы Украина территориясында әскери жаттығу өткізіп, Киевпен жақын байланыс орнатуға ниетті екенін байқатқан.

Бірақ Юнкердің мәлімдемесі Украина билігінің ЕО-ға кіруге ұмтылысы қалай болғанда да таяу уақытта орындала қоймауы мүмкін екенін меңзейді.

XS
SM
MD
LG