Accessibility links

Полиция: Қызылордадағы атыс тексеріліп жатыр


Қызылорда облысының аумақтық картасы

Қызылорда облысының аумақтық картасы

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Қызылорда қаласы әкімдігінің алдында болған атыс туралы видеоға түсініктеме берді.

"Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Оқиғаға қатысты мән-жайлары анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде" делінген Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы жіберген жазбаша жауапта.

Азаттық тілшісі хабарласқан кезде оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан полиция өкілі өзге сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Наурыздың 3-і күні интернетте бір-бірін балағаттаған, ашулы топ адамның қару қолданып, бір-бірін атқаны туралы видео жарияланған болатын. Сапасы нашарлау видеода кімнің кімді атқанын ажырату мүмкін емес. Бірақ екі мәрте атыс болғаны, әлдекімнің айқайлағаны естіледі. Бейресми дерек бойынша, жанжал студенттер арасында болған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG