Accessibility links

Санкт-Петербургте Макаревичтің концерті өтпейтін болды


Ресейлік поп-музыкант Андрей Макаревич.
Ресейлік поп-музыкант Андрей Макаревич.

Ресейлік рок-музыкант Андрей Макаревичтің Санкт-Петербургте жоспарланған концерті өтпейтін болды. "Машина времени" тобының жетекшісі Макаревич бүгін Facebook-те қаладағы 7 наурызда концерт өтеді деп жоспарланған Мәдениет үйінің басшылығы "Ленинград патриоттары" деп аталатын топтан "қауіп төнуіне байланысты" концерттен бас тартқанын жазды.

Макаревич 2014 жылы Мәскеудің Украинадағы саясатын ашық сынағалы бері оның Рсейдегі бірнеше концерті өтпей қалған.

Өткен жылы кремльшіл депутаттар мен Ресей билігін жақтайтындар Макаревичті Мәскеудің Қырымды заңсыз аннексиялап алғанын және Украина шығысындағы сепаратистерге әскери қолдау көрсеткенін сынағаны үшін "сатқын" деп атаған.

Санкт-Петербург қалалық муниципалдық кеңесінің мүшесі Александр Кобринский концерттің өткізілмей қалғанын сынады. Ол Азаттыққа қалалық прокуратурадан концертті өткізуден бас тартудың қаншалықты заңды екенін анықтауды сұрағанын айтты.

XS
SM
MD
LG