Accessibility links

Йеменде қарттар үйіне шабуылдан бірнеше адам өлді


Йемен картасы (Көрнекі сурет).

Йемен картасы (Көрнекі сурет).

Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласында содырлар Рим католик қайырымдылық ұйымының қарауында жұмыс істеген қарттар үйін шабуылдап басып алып, оннан астам адамды өлтірді. Қаза тапқандар арасында төрт монах әйел де бар.

Қартар үйін басқарған Қайырымдылық миссионерлері ұйымының өкілі төрт содыр өз аналарының "халін сұраймыз" деген сылтаумен қарттар үйіне басып кіргенін хабарлады. Йемендік шенеунік содырлар бұдан соң бөлмелерді аралап, құрбандардың қолдарына кісен тағып, бастарынан атып өлтіргенін айтады.

Адендегі Йемен үкіметі Парсы шығанағындағы араб елдері әскерінің көмегімен шииттік хусит көтерілісшілерін Аденнен тықсырып шығарған. Хуситтер қазір Сана Йемен астанасы Сананы бақылауда ұстап тұр.

Қайырымдылық миссиясы - монах әйел, Нобель сыйлығының лауреаты, 1997 жылы қайтыс болған Тереза Ана құрған ұйым.

XS
SM
MD
LG