Accessibility links

Сириялық босқын баланың өліміне қатысты сот үкімі шықты


Суға батып, Түркия жағалауында жансыз денесі табылған сириялық босқын бала Айлан Курди (сол жақта) мен оның бауыры Галип.
Суға батып, Түркия жағалауында жансыз денесі табылған сириялық босқын бала Айлан Курди (сол жақта) мен оның бауыры Галип.

Түркия соты сириялық екі азаматты 3 жастағы сириялық бала Айлан Курдидің өліміне қатысты төрт жыл үш айға соттады. Өткен жылы қыркүйектің басында Түркияның Бодрум қаласында шипажай жағалауында теңізден шығып қалған Айлан Курдидің жансыз денесі әлем жұртшылығының назарын аударған еді.

Бодрум қаласы соты сириялық екі азаматты адам саудасымен айналысты деп айыптағанымен, Айлан Курди мен өзге төрт адамның суға батып өлуіне себепкер деген айып бойынша ақтады.

Жағалауда етпетінен жатқан күйі табылған баланың жансыз денесі өзге мигранттар да осындай халге душар болса да мигранттардың ауыр зардап көретінін өзгеше дәлелдеген.

Айлан мен оның отбасы, басқа да мигранттар мінген қайық олар Эгей теңізі арқылы Бодрумнан Грекияның Кос аралына бармақ болғанда суға батқан. Қаза тапқан 12 арасында Айланның анасы мен бауыры бар.

Түркияда әдетте бірнеше ай, тіпті жылдарға созылады. Айланның өліміне қатысты сот үкімінің жылдам шығуы 7 наурызда Түркия мен Еуропа одағы арасында өтетін мигранттар мәселесіне қатысты саммит қарсаңында Анкараның адам саудасымен айналысатындармен күресіп жатқанын көрсеткісі келгенімен байланысты болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG