Accessibility links

Сирия: Көтерілісшілер Иракпен шекараны бақылауға алды


Ирактың Сириямен шекарасындағы Альбу Камал бекетін бақылап тұрған ирак сарбаздары (Көрнекі сурет).
Ирактың Сириямен шекарасындағы Альбу Камал бекетін бақылап тұрған ирак сарбаздары (Көрнекі сурет).

Сириялық көтерілісшілер тобы Сирияның Иракпен шекарасын бақылауға алды деп хабарлады Сириядағы қақтығысты бақылайтын Syrian Observatory for Human Rights ұйымы.

АҚШ бастаған коалиция күштерінің үздіксіз бомбалауы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырларын шекараның Сирия жағындағы әл-Танф бақылау бекетін тастап шығуға мәжбүрлеп, көтерілісшілер шекараны бақылауға алуға бекетке Иордания жағынан кірген.

Әл-Танф бекетінің Ирак жағы әлі ИМ содырлары бақылауында тұр. ИМ шекараның Сириядағы жағын бақылауды 2015 жылы мамырда Сирия үкіметі әскерінен тартып алған. Сиия әскері осылайша Иракпен шекарадағы соңғы бақылауынан айырылған.

ИМ Сирияның Иракпен шекарасының қалған бөлігінде маңызды Альбу Камал бекетін бақылайды. Бірақ күрд жасақтары солтүстіктегі Ярабия бекетін бақылап тұр.

Сириядағы қақтығыс пен ұрыс 27 ақпанда орнаған бітімнен соң біршама азайған. Бірақ бітім ИМ мен "Әл-Қаидамен" байланысты "Нусра майданы" тобына жүрмейді.

XS
SM
MD
LG