Accessibility links

Түркіменстан: Бас синоптик қате болжам үшін қызметтен алынды


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов үкімет отырысында Ұлттық гидрометеорологиялық комитет басшысын ауа-райы болжамдарының дұрыс жасалмайтынына байланысты ауыстырды деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары. Комитет басшысы Батыр Халлыев пен оның орынбасары да "жұмысындағы елеулі кемшіліктері үшін" қызметінен босатылған.

"Ұлттық гидрометеорология комитетінің жұмысын жақсарту үшін біз комитетке заманауи ғимарат салып бердік, қаржылай көмек көрсетіп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алып бердік. Батыр Халлыев осыдан кейін ауа-райы болжамы дәл болатынына сөз берген. Бірақ осыған қарамастан соңғы уақытта керісінше, қате болжамдар көбейді" деген Бердімұхамедов.

Түркіменстан президентінің сөзінше, ауа-райын қате болжау ауыл шаруашылық жұмыстарына кері әсер етіп, көлік жүйесі жұмысында, көпшілік мәдени шараларды ұйымдастыруда қиындықтар тудырады, халыққа ыңғайсыздық әкеліп, материалдық және моральдық шығын келтіруі мүмкін.

Батыр Халлыев комитетті 2010 жылдан бері басқарған.

XS
SM
MD
LG