Accessibility links

Македония басшысы ЕО миграциялық саясатын сынады


Македония президенті Георге Иванов.

Македония президенті Георге Иванов.

Македония президенті Георге Иванов Еуропа Одағын (ЕО) одақтың миграциялық дағдарысты шешу саясатын сынады. Иванов көп жылдар бойы шекарасыз блок құрған Еуропада қазір шекарадағы "қабырғалар" қырғи-қабақ соғысы кезіндегіден көбейіп кеткенін мәлімдеді.

Римде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының интеграция мәселесіне арналған арнайы жиынында сөйлеген Иванов мәселе ЕО-ның өз ішіндегі шекараны жойып, сыртқы шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмауында екенін айтты. Ол ЕО-ға мүше елдер бұрын ЕО-ның өзі реттей алмаған мәселемен айналысуға мәжбүр болғанын айтты.

ЕО-ға кіруге ұмтылатын Македония таяуда ЕО елдерінің өз территорияларына мигранттарды жібермеу үшін Македонияның Грекиямен шекарасына тікенек темірлі қоршау тұрғызуына наразылық білдірген. Тікенек темірмен қоршалған соң Грекияның Македониямен шекарасында мыңдаған мигрант жиналып қалған. Македонияның өз шекарасын жауып тастауынан Грекияда туындаған гуманитарлық дағдарысқа ортақтығын білдірген Иванов Афина қазір Еуропадағы "ең әлсіз ел болып отырғанын мәлімдеді. Оның пікірінше, Грекия өз шекарасын қауіпсіздендіре алмаған.

Георге Иванов Македония Грекия өзіне Түркиядан контрабандистер бақылайтын қайықтармен теңіз арқылы келетін мигранттар ағынын тоқтата алмай отырғандықтан шекарасына қоршау орнатуға кіріскенін айтты.

XS
SM
MD
LG