Accessibility links

Савченкоға Ресейдің адам құқығы өкілдері кірмек


Сот залында тұрған Надежда Савченко. 27 қаңтар 2016 жыл.
Сот залында тұрған Надежда Савченко. 27 қаңтар 2016 жыл.

Надежда Савченконың адвокаты Николай Полозов Twitter-ге төрт күндік мереке кезінде "қорғауымдағы украиналық ұшқыш мүгедек болып не өліп қалуы мүмкін" деп жазды. Ол Савченко қамалған Новочеркассктегі абақтыға мейрам күндері ешкімді кіргізбейтінін, ақпарат алу мүмкін болмай қалатынын хабарлаған.

Абақтыда аштық жариялап, су ішпей жатқан Надежда Савченкоға бүгін Ресейдің адам құқығы өкілі Элла Памфилованың қызметкерлері кірмек.

Бұл туралы Савченконың сіңлісі Вера Facebook парақшасында жазды.

Мұның алдында Надежда Савченконың адвокаты Николай Полозов "15 минут" басылымына берген сұхбатында "егер 9 наурыз күні оны Донецк (Ресейдің Ростов облысындағы қала - ред.) сотына әкелмесе, оның я тірі, я өлі екенін ешкім біле алмайтын болады" деген еді.

Адвокат абақты бастығының "егер Савченконың денсаулығы нашарласа, оны Дондағы Ростов қаласындағы клиникалардың біріне апарып, аштықтан мәжбүрлі түрде шығарады" деген сөзін келтірген.

Полозов "Украина қаһарманы, халық депутаты миллиондаған адамдардың көз алдында өлуі мүмкін" дейді.

Надежда Савченко абақтыда бұған дейін де бірнеше рет аштық жариялаған еді. Оны 2014 жылы жазда Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистер ұстап, Ресейге тапсырған. Савченкоға ресейлік екі журналист өліміне қатысы бар деген айып тағылған. Савченконың өзі бұл айыпты терістейді. Ресей прокурорлары Украина ұшқышын 23 жылға соттауды сұрап отыр.

XS
SM
MD
LG