Accessibility links

Римде біржынысты некені қолдау шеруі өтті


Римдегі ЛГБТ шеруі. 5 наурыз 2016 жыл.

Римдегі ЛГБТ шеруі. 5 наурыз 2016 жыл.

Италия парламенті қарап жатқан заң жобасынан біржынысты некеге қатысты бап алынып тасталды.

Римде сенбі күні мыңдаған ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал, трансгендер) белсенділері азаматтық әріптестік туралы заңнан біржынысты отбасылардың бала асырап алу құқығы туралы баптың алынып тасталуына қарсы шеруге шықты.

Манифестанттар беттеріне кемпірқосқан суретін салып алып, "біз теңдікті қалаймыз" деп ұрандатқан.

Белсенділер Италия парламентінің төменгі палатасы қарап жатқан заң жобасы біржынысты некені қорғауға қарай жасалған қадам екенін айтады.

XS
SM
MD
LG