Accessibility links

Донбастың ірі 20 өндіріс орны жабдықтарын Ресейге алып кетті


Донбаста жүрген Ресей солдаты. (Көрнекі сурет)
Донбаста жүрген Ресей солдаты. (Көрнекі сурет)

Украина қорғаныс министрі барлау басқармасы мәліметтері бойынша, 13 кәсіпорынның жабдықтары тоналған, ал олардың металл конструкциялары кесіліп, сатылған.

Ресейшіл сепаратистер басып алған Донецк және Луганск облыстарынан Ресейге Украинаның 20 өндіріс орнының жабдықтары әкетілген. Олардың арасында "Топаз", Луганск патрон зауыты, Луганск машина құрау зауыты, Харцызск машина құрау зауыттары бар. Бұл туралы сенбі күнгі брифингте Украина қорғаныс министрі барлау басқармасы өкілі Вадим Скибицкий хабарлаған.

Скибицкий 13 кәсіпорынның жабдықтары тоналғанын да айтқан. Ал олардың ғимаратының металл конструкциялары кесіліп, сатылған.

Оның сөзіне қарағанда, қорғаныс министрі Ресейдің Украина экономикасын тұралатуға ұмтылып жатқанын байқап отыр.

Мәскеу Киевтің бұл мәлімдемелерін теріске шығарады. Кремль Ресей Украинадағы сепаратистерді қолдап отыр, Украина аумағына Ресей әскерін кіргізді деген айыптарды да мойындамайды.

XS
SM
MD
LG