Accessibility links

АҚШ сайлауында Трамп пен Клинтон алда келеді


АҚШ президент сайлауына түсуге тырысып жатқан Дональд Трамп пен Хиллари Клинтон.

АҚШ президент сайлауына түсуге тырысып жатқан Дональд Трамп пен Хиллари Клинтон.

АҚШ президент сайлауына түсуге тырысып жатқан Дональд Трамп пен Хиллари Клинтон Республикалық партия мен (Трамп) Демократиялық партия (Клинтон) ішіндегі соңғы дауыс беру кезеңінде жеңіп шықты.

Республикалық партия ішінде Трамппен бәсекелесіп жатқан екі үміткердің алған дауыстары аз болып тұр. Демократиялық партия ішіндегі бәсекеде бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон ханым Луизианадағы праймеризде жеңген, оның қарсыласы Берни Сандерс Канзас пен Небраскадағы фракциялық кеңесте жеңді. Алайда сарапшылардың көбі Демократиялық партия атынан президент сайлауына Клинтон түседі деп болжап отыр.

Ал Республикалық партия ішінде қақтығыс пен іріткі білініп келеді. Бұл партияның ішінде Трамптың дөрекі, популисттік әрі ксенофобиялық риторикасына қарсылар бар.

XS
SM
MD
LG