Accessibility links

Ресей омбудсмені: Савченко денсаулығы жаман емес


Украина астанасы Киевте өткен Надежда Савченконы қолдау шеруі. 6 наурыз 2016 жыл.
Украина астанасы Киевте өткен Надежда Савченконы қолдау шеруі. 6 наурыз 2016 жыл.

Ресей президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Элла Памфилова "қазір Надежда Савченконың денсаулығы қанағаттанарлық" екенін оның сіңлісі Вераға телефонмен айтқан. Бұл туралы Twitter-дe украиналық ұшқыштың адвокаты Николай Полозов жазды.

Памфилованың сөзіне қарағанда, Савченконы тергеу абақтысында бақылап, ұдайы қан қысымын өлшеп отыр. Оның ағзасына мәжбүрлеп сұйықтық пен қорек енгізуге әзірге қажеттілік жоқ.

Полозовтың микроблогында Савченконың денсаулығын тексеруге украиналық дәрігерлер тобы құрылғаны, бірақ оларды Савченкоға кіргізу мәселесі шешілмегені жазылған. Мұның алдында Азаттық Савченкоға Памфилованың кіретінін хабарлаған еді. 3 наурыз күні өткен сот отырысында Надежда Савченко аштық жариялайтынын, су ішпейтінін мәлімдеген. Сол күні судья оның соңғы сөзін айтқызбай қойған болатын. Келесі сот отырысы 9 наурызға белгіленген.

Ресейлік екі тілшінің өліміне қатысты айып тағылған Савченко Ресейден өзін дереу Украинаға қайтаруды талап етіп келеді. 2014 жылы жазда қамалғаннан бері ол бірнеше рет аштық жариялады.

XS
SM
MD
LG