Accessibility links

Лесневская Путинді Савченконы босатуға шақырды


Ирена Лесневская.

Ирена Лесневская.

РЕН-ТВ телеарнасының негізін қалаған Ирена Лесневская Ресей президенті Владимир Путинді украиналық ұшқыш Надежда Савченконы тұрмеден босатуға шақырды. Савченкоға Ресейдің екі тілшісінің Луганск түбіндегі қазасына қатысы бар деген айып тағылған.

Лесневскаяның Путинге жазған, Facebook-те жарияланған ашық хатында "Бүкіл әлемнің көз алдында, Ресей түрмесінде, су ішпейтін аштық жариялаған батыр әйел Надежда Савченко өлім алдында тұр! Мен Сіздегі адамшылық, христиандық, еркектік қасиеттерді оятуға тырысамын, мына бассыздықты тоқтатып, Надежданы Украинада қамалған Ресей әскерилеріне айырбастауды немесе оған рақымшылық жариялауыңызды сұраймын! Ресейді ұятқа қалдырмаңыз, оның әлі де намысы бар ерлерін, офицерлерін ұялтпаңыз!" деп жазылған.

Азаттықтың Орыс қызметіне сұхбат берген Лесневская "мен бұл хатты Ресейде Савченкоға қатысты жасалып жатқан барлық әрекеттерге ұялғанымнан жаздым" деген.

Жексенбі күні Киевте және Украинаның басқа қалаларында Надежда Савченконы қолдаған, оны дереу босатуды талап еткен акциялары өтті.

Азаттықтың Орыс қызметінің корреспонденті Татьяна Вольтскаяның хабарлауынша, украиналық ұшқышты қолдау шаралары Петербургте де өткен.

XS
SM
MD
LG