Accessibility links

СССР чемпионы, балуан Әбілсейіт Айқанов қайтыс болды


Еркін күрестен СССР чемпионы Әбілсейіт Айханов.

Еркін күрестен СССР чемпионы Әбілсейіт Айханов.

6 наурыз күні ауыр салмақта еркін күрестен СССР халықтары Спартакиадасының және СССР чемпионы (1963), СССР кубогының иегері (1970) Әбілсейіт Айқанов 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Алматы қаласы күрес федерациясының баспасөз қызметі хабарлауынша, Айқанов ұзақ уақыт сырқаттанып, төсек тартып жатқан.

Айқанов 1938 жылы Алматы облысы Сарқан ауданында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Әбілсейіт Айқанов cпорттық карьерасын аяқтаған соң бапкерлікпен және ғылыммен айналысқан.

XS
SM
MD
LG