Accessibility links

Киевте Ресей елшілігіне шабуыл жасалды


Ресей елшілігі ғимаратына тас атып жатқан наразы топ. Киев, 6 наурыз 2016 жыл.
Ресей елшілігі ғимаратына тас атып жатқан наразы топ. Киев, 6 наурыз 2016 жыл.

Киевте Ресейде сотталып жатқан Украина ұшқышы Надежда Савченконы босатуды талап еткен жүздеген адам 6 наурыз күні Ресей елшілігіне шабуыл жасады.

Наразылар елшілік ғимаратына жұмыртқа, кірпіш лақтырып, терезелерді сындырған, көліктерді қиратқан. Жиналғандар Ресей елшілігі алдында сол елдің туын өртеген.

Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистермен соғысып жүрген Надежда Савченко 2014 жылы шілде айында ұсталып, Ресейге әкетілген еді. Оған Луганск облысында екі ресейлік тілшінің өліміне қатысты айып тағылған.

Оның сотында 3 наурыз күні 9 наурызға дейін үзіліс жарияланған. Соңғы сөзін айтқызбай қойғаннан кейін Савченко өзінің су ішпейтінін, аштық жариялайтынын мәлімдеген.

Прокурорлар Савченконы 23 жылға соттауды сұрап отыр. Ресей президенті жанындағы адам құқықтары омбудсмені Элла Памфилова Савченконың сіңлісі Вераға оның денсаулығы әзірге қалыпты екенін 6 наурыз күні телефон арқылы хабарлады.

XS
SM
MD
LG