Accessibility links

АҚШ Швецияға зымыран кешенін орнату жоспарын айтты


АҚШ қарулы күштерінің Еуропадағы қолбасшысы Фредерик Бен Ходжес.

АҚШ қарулы күштерінің Еуропадағы қолбасшысы Фредерик Бен Ходжес.

АҚШ қарулы күштерінің Еуропадағы қолбасшысы Фредерик Бен Ходжес алдағы екі жылда Швецияға америкалық MIM-104 Patriot зенитті-зымыран кешені орналасатынын хабарлады.

Швециялық TV4 телеарнасы сұқбат берген Бен Ходжестің айтуынша, ол елге америкалық заманауи әуе қорғанысы жүйесін орнату Ресейге "АҚШ пен НАТО Балтық теңізі аймағындағы елдердің әуе шекарасын қорғайды" деген ескерту де болады.

Жуықта Швецияда жарияланған заң жобасы бойынша ел НАТО жаттығуларына территориясын беруге міндетті. Заң мақұлданса, биыл 1 маусымда күшіне енуі керек.

Швеция әлі күнге дейін әскери одақтарға қосылмау саясатын ұстанып келеді. Ел парламентіндегі депутаттардың көбі Швецияның НАТО-ға қосылу идеясын қолдамайды.

XS
SM
MD
LG